Ауғанстанда қаза тапқан жауынгердің ата-анасы қамқорлыққа алынды - Павлодар облысы
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Ауғанстанда интернационалдық борышын өтеу кезінде қаза тапқан Валерий Евдокимовтың ата-анасы үшін Ертіс аудандық әкімдігі аудан орталығынан пәтер алып берді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Кешеге дейін Евдокимовтар отбасы шекараға жақын маңдағы алыс ауылда тұрып келді. Ертіске көшіп келуге көмектесу туралы аудан әкімі Владимир Левченкоға жасаған олардың өтініштері орындалып отыр.Жаңа үйдің жанында қора-жай, баубақшаға арналған жер телімі бар, үйге су құбыры да тартылып бермек. Жауынгердің отбасына оларға бекітілген әлеуметтік қызметкер көмектеседі.