Ауғанстанда Кеңес әскері болған кезде ахуал қазіргіден әлдеқайда тұрақты болды - ауған сардары

"Бұл фильмде кім-кіммен және не үшін соғысып жүргені нақты көрсетілген. Бұған дейін маған осы сұрақтар Қазақстанда жиі қойылатын. Мұнда оған толық жауап беріледі", - дейді ауған сардары. Дорани Басир Ахмад Амир Мохамадтың айтуынша, Кеңес армиясы Ауғанстанда соғысқан кезде халықпен қоян-қолтық жұмыс істеді. Жауынгерлер дорбасындағы тамағын балалармен бөлісті. Олардың бейбіт халыққа оқ атқан бірде-бір жағдайы болған жоқ. Бүкіл әлем Кеңес армиясына қарсы соғысса да бейбіт өмір болды. Қазір онда ахуал мүлде басқа. Бітімгерлік күштері халықтың өзіне белгілі бір ара-қашықтықтан артық жақындауына шектеу қойған. Шені төмен сардарлардың жоғарыдан түсетін бұйрыққа ғана бағынып, өз бетімен ешқандай шешім қабылдауға құқы жоқ. Сондықтан әскер мен бейбіт тұрғындар арасында түсінубеушілік пен кикілжің жиі орын алып отырады.