Ауғанстанда кезекті лаңкестік орын алды
АСТАНА. Қыркүйектің 20-сы. ҚазАқпарат - Ресейлік «Вести» телеарнасы Ауғанстанда, елдің оңтүстігіндегі Қандағар қаласында кезекті лаңкестік оқиғаның орын алғанын хабарлады.
Бес адам қаза тауып, 10 адам жарақат алды.
Жергілікті өкіметтің хабарлауынша, бомба қалалық емхана ғимаратының маңына қойылған. Ал осыдан бірнеше сағат бұрын елдің батысындағы Герат қаласында бомба жарылған болатын. Ол оқиғаның салдарынан 2 адам мерт болып, 3 адам жараланды.
Ал Кабулде итальяндық әскерилер, бейсенбі, қыркүйектің 17-сінде қаза тапқан қызметтестерімен қоштасуда. Бейсенбі күні мина қойылған автокөлікке мінген жанкешті жауынгерлердің колоннасын соққан болатын. Лаңкестік оқиға 16 адамның өмірін қиды, олардың алтауы - итальяндық әскерилер. Бүгін олардың денелері отандарына жеткізіледі. Ертеңгі күн Италияда ұлттық аза тұту күні деп жарияланып отыр.