Ауғанстанда концерт кезінде жарылыс болды

АСТАНА. Қыркүйектің 15-і. ҚазАқпарат - Ауғанстанда танымал әнші Фархад Дарияның концерті кезінде жарылыс болып, кемінде 13 адам жарақаттанды, деп хабарлайды Утро. ру агенттігі.
None
None

Жарылғыш зат елдің батысындағы Герат қаласында орналасқан стадионда, қойылым аяқталған соң іске қосылған. Жергілікті полиция қызметкерлерінің сөзіне қарағанда, шыға беріс есік алдында тұрған мотоциклге орнатылған бомба көрермендер концерттен шығып бара жатқанда жарылған. Әншінің өзі аман-сау.

Соңғы жаңалықтар