Ауғанстанда көшкіннен ондаған адам қаза тапты

АСТАНА. KAZINFORM – Ауғанстанның шығысындағы Нуристан провинциясында көшкін жүріп, кем дегенде 25 адам қаза тапты. Бұл туралы Etilaatroz хабарлады.

Ауғанстан
Фото: Etilaatroz

Оқиға 19 ақпанға қараған түні болған. Қаза тапқандардың көпшілігі әйелдер мен балалар. Үйінді астында әлі де адамдар болуы мүмкін.

Апат ұзақ уақыт бойы жауған қар салдарынан шықты деген болжам бар.

Мәліметтерге сәйкес, 25-ке жуық үй тұруға жарамсыз болып қалды, іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар