Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ауғанстанда Қызыл Крест ұйымы жұмысын уақытша тоқтатты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауғанстанда содырлардың шабуылынан Халықаралық Қызыл Крест комитетінің 6 қызметкері қаза тапты. Әзірге ұйым Ауғанстандағы жұмысын уақытша тоқтатты, деп хабарлайды Gazeta.ru Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Ауғанстанда Қызыл Крест ұйымы жұмысын уақытша тоқтатты

Бұл туралы ұйымның жедел қызмет бойынша директоры Доминик Штилхарт баяндаған.

Оның айтуынша, ең алдымен болған оқиғаның себептерін анықтау қажет.

Бұған дейін Ауғанстанның солтүстігіндегі Джаузган провинциясында Халықаралық Қызыл Крест комитетінің 6 қызметкерінің ажал құшқаны хабарланған еді.

Ұйымның баспасөз хатшысы Томас Гласс бұл ақпаратты растады және тағы екі қызметкердің із-түзсіз жоғалып кеткенін айтты.