Ауғанстанда лаңкестік салдарынан Қандағар мэрі қаза болды
АСТАНА. 27 шілде. ҚазАқпарат - Ауғанстанның Қандағар қаласының мэрі Гулям Хайдар Хамиди бүгін таңертең жасалған лаңкестік шабуылдың салдарынан қаза болды, деп хабарлайды РБК агенттігі.
Қандағар уәлаятының қоғамдық қауіпсіздік полициясының басшысы генерал Абдул Раззақтың жергілікті радиостансаға хабарлауынша, лаңкес мэрия ғимаратына кіріп, бомбаны іштен жарған.
Қаскөй жарылғыш құрылғыны ішке басындағы шалмасына орап алып кірген көрінеді. Г.Хамиди Қандағар тұрғындарының алдында сөз сөйлеп тұрған кезде бомба іске қосылған. Жарылыс салдарынан мэр қаза болған, тағы бір адам жараланған.