Ауғанстанда лай көшкінінен 200 үй жер астында қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауғанстанның солтүстік-шығысындағы Бадахшан провинциясында лай көшкіні салдарынан кішігірім елді-мекен түгелімен жер астына түсіп кетті, деп хабарлайды BBC.

Ауғанстанда лай көшкінінен 200 үй жер астында қалды

Шамамен 200-дей үй жердің астында қалды. Жергілікті билік 250-дей адам тілсіз жаудың құрбанына айналуы мүмкін деп дабыл қағуда. Қаза болғандар мен жарақат алғандардың саны әзірге белгісіз. Аталған өңірде су тасқыны жиі болып тұрады, әрі оның зардабы да аз емес. Айталық Сари-Пуль, Фарьяб және Джаузджан провинцияларында болған соңғы су тасқынынан, лай көшкінінен 100-ден аса адам қаза болып, жүздеген отбасы өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды.