13:29, 15 Қазан 2013 | GMT +5
Ауғанстанда Логар өлкесінің губернаторын жарып жіберді
АСТАНА. 15 қазан. ҚазАқпарат - Ауғанстанда Құрбан айт мейрамында мешітте жарылыс орын алып, Логар өлкесінің губернаторы Арсала Джамал қаза тапты, деп хабарлады Утро.ру.

Агенттік ақпаратына қарағанда, үстел астына жасырылған бомба өңір басшысы жиналған қауым алдында сөз сөйлеуі кезінде іске қосылған. Жарылыс салдарынан кемінде 15 адам жарақат алған, көбінің жағдайы тым ауыр.
Логар өлкесі Кабулдың оңтүстігінде орналасқан. Қала маңы аумағының басым бөлігін тәліптер бақылауында ұстап отыр.