13:10, 21 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Ауғанстанда НАТО әскерилері мінген тікұшақ апатқа ұшырады
АСТАНА. Қыркүйектің 21-і. ҚазАқпарат - Ауғанстанның оңтүстігінде тікұшақ апатының салдарынан 9 адам - НАТО контингентінің әскери қызметкерлері қаза тапты.

Бұл туралы Альянстың қолбасшылығы хабарлады. Осы кісі құрбандықтарын қоса есептегенде, 2010 жылы ауған науқанында 529 адам мерт болып отыр.