Ауғанстанда НАТО конвойының күзетшілері қаза тапты

АСТАНА. Қазанның 18-і. ҚазАқпарат - Ауғанстанның оңтүстігіндегі Гельменд уәлаятында НАТО конвойына ілескен күзетшілерге шабуыл жасалды. Оқиға салдарынан тоғыз адам опат болды. Жергілікті полиция өкілдерінің нақтылауынша, қаза болғандардың барлығы Ауғанстан азаматтары болған, деп хабарлайды Associated Press.

Ауғанстанда НАТО конвойының күзетшілері   қаза тапты

Естеріңізге сала кетейік, бүгін осы оқиғаның алдында фугас жарылысынан ауғандық үш бейбіт азамат қаза тапқан еді. Жергілікті полиция қызметкерлерінің хабарлауынша, бомба жол бойындағы арықтардың бірінде қаптың ішіне жасырылған болып шықты. Саперлар әлгі күдікті затты тексермек болған кезде жарылыс болған, олардың біреуі жараланған, үш бейбіт азамат қаза болған.

Соңғы кезде мұндай оқиғалар бұл өңірде жиілеп отыр, себебі НАТО күштері мен ауғандық жасақтар экстремистерді Қандағар мен оның төңірегіндегі стратегиялық маңызды аумақтардан ығыстыруға тырысуда.