Ауғанстанда өздерін қазақпыз дейтіндер көбейіп кетті – СІМ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауғанстан аумағында басқа ұлт өкілдері өздерін қазақпыз деп таныстырып, көмек сұрауды жиілеткен. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Соңғы күндері Қазақстанның Ауғанстандағы елшілігіне өздерін қазақпыз деп таныстыратын азаматтардың жүгінуі жиілеп кетті. Бірақта іс жүзінде олардың ешқандай дәлелдері жоқ. Олардың кейбіреулері қазақ тілінде сөйлей алмайды. Сондай-ақ ата-бабаларының Ауғанстан аумағына қоныс аудару тарихымен, ру-тайпалық байланыстары туралы да айта алмайды. Біз этникалық қазақтардың тарихи отанына оралуына көмек көрсету туралы барлық өтініштерге мұқият тексеру жұмыстарын жүргіземіз. Ол бір күндік жұмыс емес сондықтан уақыт талап етеді», - деді Айбек Смадиров тілшілерге берген сұхбатында.

Бұған дейін ол Ауғанстан аумағында қанша қазақтың тұрып жатқанын айтып берген еді.

Еске сала кетсек, Қазақстан Ауғанстаннан 42 адамды эвакуациялады. Қазақстанға 25 Қазақстан азаматы, оның ішінде 15 ересек адам және 10 бала, сондай-ақ ҚР Елшілігінің қызметкерлері келді.


Соңғы жаңалықтар