Ауғанстанда президенттік сайлаудың екінші туры маусымға белгіленді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауғанстанда президенттік сайлаудың екінші туры өтеді. Осы елдегі сайлау комиссиясының хабарлауынша, дауыс беру 14 маусымға белгіленіп отыр.
Атап айтқанда, өткен айдағы сайлауда кандидаттардың ешқайсы да айқын басымдыққа қол жеткізе алмады.
Сайлаудың екінші турына Сыртқы істердің экс-министрі Абдулла Абдулла өтті. Ол бірінші турда 45 пайыз дауыс жинаған еді. Сонымен қатар президенттікке бұрынғы қаржы министрі Ашраф Гани үміткер атанып отыр. Сайлаудың бірінші кезеңінде оған сайлаушылардың 31, 6 пайызы дауыс берген болатын.
Ауғанстанның жаңа көшбасшысының есімі тамыздың басында белгілі болады деп күтілуде.