Ауғанстанда сайлау күні 70-ке жуық лаңкестік әрекет жасалды

АСТАНА. Тамыздың   21-і.  ҚазАқпарат - Ауғанстанда бейсенбі күні  өткен    президенттік сайлаудың    қорытындысы  бойынша дауыстарды санау  жалғасуда. 

Ауғанстанда   сайлау күні  70-ке жуық лаңкестік әрекет  жасалды

Мемлекет басшылығынан үміткерлердің арасында  айқын     көшбасшының    жоқ екенін  айта кету керек.    Негізгі екі  қарсылас -  елдің  қазіргі президенті Хамид Карзай мен      бұрынғы  сыртқы  істер министрі Абдулла Абдулла  тең  дауыс   жинап   келеді.   Алғашқы     бейресми мәліметтер осындай, деп  хабарлайды  «Маяк»  радиостансасы.

Сайлау  күні  елдегі жағдай тыныш болған жоқ.  Тек  қана ресми   мәліметтер  бойынша,    кеше  70-ке жуық  лаңкестік әрекет жасалған,   қаза болғандар мен  жараланғандар бар.   Содырлардың шабуылдары салдарынан бірнеше сайлау учаскесі  жабылған.  Сайлаудың   нақты   қорытындысы  қыркүйек  айында   жария етіледі.