Ауғанстанда содырлар автобустың 13 жолаушысын атып өлтірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауғанстанда жолаушылар автобусына жасалған шабуылдың салдарынан 13 жолаушы қаза тапты. Бұл туралы Agence France-Presse хабарлайды.

Ауғанстанда содырлар автобустың 13 жолаушысын атып өлтірді

Содырлардың Кабулға жақын жердегі Вардак провинциясында жолаушылар автобусына оқ жаудырғаны атап өтіледі.

Қазіргі уақытта болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.