Ауғанстанда содырлар шиит мешітіне шабуыл жасады

АСТАНА. 5 қыркүйек. ҚазАқпарат - Ауғанстанда Кабулдың батысында орналасқан шиит мешітіне содырлар шабуыл жасады. Содырлар полиция қызметкерлерінің қолынан қаза тапты, деп хабарлады Утро. ру.

Ауғанстанда содырлар шиит мешітіне шабуыл жасады

Құқық қорғау органдарының алдын ала мәліметтері бойынша содырлар Пәкістан азаматтары болған. Олар полиция формасында шабуыл жасаған. Жергілікті тұрғындардың сөзіне қарағанда, шабуыл жасағандар полиция шолғыншыларымен болған атыс барысында қаза тапқан.