Ауғанстанда соңғы 72 сағатта ондаған бала қаза тапты

None
None
КАБУЛ. ҚазАқпарат – Ауғанстанда балалардың, әйелдер мен ер адамдардың өміріне минут сайын қауіп төніп отыр. Соңғы айда елдің Гильменд, Кандагар және Герат провинцияларына жасалып жатқан шабуылдар кем дегенде мың адамның өліміне себеп болды. Бұл туралы ҚазАқпарат БҰҰ Жаңалықтары сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

БҰҰ Гуманитарлық көмек үйлестірушісі Мартин Гриффитс орын алған жағдайға қатысты алаңдаушылығын білдіріп, өз мәлімдемесінде: «Бүгін мен БҰҰ Бас хатшысының және Қауіпсіздік кеңесі мүшелерінің қарапайым халыққа шабуыл жасауды, оқ жаудыруды тоқтату үндеуіне қосыламын», - деді.

ЮНИСЕФ-те де Ауғанстандағы жағдайдың күрт нашарлауына қатысты алаңдаушылығы мен наразылығын білдірді: соңғы 72 сағатта Кандагарда кем дегенде 20 бала қаза болды, тағы 130-ы жарақат алды, ал Пактия провинциясында кәмелет жасқа толмаған бес бала өлтіріліп, үш бала зардап шекті.

«Бұл жай ғана сан емес. Әрбір өлім мен тән бейнеті – қайғылы жағдай. Олар – біреудің сүйікті ұл-қыздары, аға-әпкелері, туысы, досы еді. Жауласқан тараптар бұл балалардың қорғалу құқығын бұзып, халықаралық құқығын елемеді», - делінген БҰҰ Балалар қорының мәлімдемесінде.


Фото МОМ/М.Мохаммед



Соңғы жаңалықтар