Ауғанстанда су тасқынынан қаза болғандар саны 70-ке жетті

КАБУЛ. ҚазАқпарат – Ауғанстанның солтүстігіндегі Парван провинциясында нөсер суының тасқынынан қаза болғандар саны 70-ке жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC News агенттігіне сілтеме жасап.
None
None

Су тасқыны Чарикар қаласында сәрсенбі күні таңертең, ел ұйықтап жатқанда төнген. Құрбан болғандардың дені – әйелдер мен балалар. Көз жұмғандардың саны әлі де артатыны күтілуде.


Парван провинциясының губернаторы Фазлудин Аяр журналистерге «су тасқынынан жүздеген адам ажал құшқан болуы мүмкін» екендігін хабарлады.

Чарикардан түсіп жатқан фотоларда үйінділерді қопарып жатқан құтқарушыларды, лайға айналған көшелерді, өз заттарын іздеп жүрген адамдарды көруге болады.

«Біздің ауданда тағы екі отбасы үйінділер астында қалып отыр. Көмек көрсету үшін бізге көбірек құтқарушылар керек», - деді Tolo News телеарнасына қала тұрғындарының бірі.

Ауғанстан Президенті Ашраф Гани зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсетуді тапсырды.

Жазда Ауғанстанның солтүстік және шығыс аумақтарында жаңбыр жиі жауып, су тасқыны туындайды. Осы айда Нангархар провинциясындағы ауылда су тасқынынан 16 адам ажал құшқан болатын. Оның дені – балалар.



Соңғы жаңалықтар