Ауғанстанда тағы жарылыс: Кемінде 2 адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауғанстанның шығысындағы Жделалабад қаласының полиция учаскесіне жасалған қарулы шабуыл салдарынан кемінде 2 адам қаза тапты, деп хабарлады шетелдік БАҚ.
None
None

Ресми деректерге сәйкес, жарылғыш құрылғыны жанкешті іске қосқан. Оқиғаның мән-жайы, қаза тапқандардың нақты саны анықталу үстінде. Естеріңізге сала кетейік, сейсенбі күні Ауғанстанның солтүстінігдегі Маймендегі базарда да жанкешті жарылғыш құрылғыны іске қосып, 15 адам қаза тапса, жарақат алдағандардың саны оннан асқан болатын. Жергілікті губернатордың сөзіне қарағанда, базарда негізінен өз өнімдерін саудалауға әкелген фермерлер болған.

Соңғы жаңалықтар