11:23, 04 Желтоқсан 2015 | GMT +5
Ауғанстанда «Талибан» қозғалысының көшбасшысы қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Талибан» қозғалысының көшбасшысы молда Ахтар Моххам Мансур Ауғанстанда болған атыс кезінде оқ тиіп, қаза тапты, деп хабарлады «Синьхуа».
Мансур басқа топ жетекшілерімен кескілескен дау-дамайдан кейін сәрсенбі күні атыс барысында ауыр жарақат алған, деп хабарлады елдің ресми билік өкілдерінің бірі.
«Талибан» - қызметіне бірқатар елде тыйым салынған террорлық ұйым.