Ауғанстанда танымал тележурналисті өлтіріп кетті

АСТАНА. Қыркүйектің 6-сы. ҚазАқпарат - Ауғанстанда танымал тележурналист, Ұлттық журналистер қауымдастығы басшысының орынбасары Сайед Хамид Нури қаза тапты, деп хабарлады «Азаттық» радиосынан.
None
None

Ауған полициясының ақпараты бойынша, 45 жастағы журналистің пышақталған денесі кеше түнде Кабул іргесіндегі оның үйінің жанынан табылған. Тағы бір мәліметтер бойынша, мәйіт бассыз болған.

Мерт болған журналист ауғанның RTA мемлекеттік телеарнасында бағдарлама жүргізген. Саяси қызметпен айналысқан ол Ауғанстан Президенті Хамид Карзайдың қарсыластарына жақын болған деген дерек бар.

Соңғы жаңалықтар