Ауғанстанда тасқын судан 100-ден астам адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауғанстанның солтүстігіндегі су тасқыны салдарынан 100-ден астам адам мерт болып, мыңдаған адам баспаналарын тастап, қауіпсіз жерге бой тасалады.
None
None

Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, елдің солтүстік-шығысындағы Баглан өлкесінің полиция шефі қаза тапқандардың саны арта түсуі мүмкін деп қауіптенуде. Айта кетейік, соңғы айда Ауғанстанның солтүстігі мен шығыс аудандарында нөсер жауын мол түсіп, су тасқынының орын алуына түрткі болған еді.

Соңғы жаңалықтар