Ауғанстанда теракт болып, 6 адам көз жұмды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауғанстанның солтүстігінде орналасқан Балх провинциясындағы Шолгере уездінде болған терактіден алты адам мерт болып, тағы жеті адам жараланды, Бұл туралы Анадолы агенттігі хабарлайды.

Ауғанстанда теракт болып, 6 адам көз жұмды

Шолгеренің полициясы Сайед Надердың айтуына қарағанда, террористер жарылғыш затты  тұрғындар жүретін автокөлік жолына қойған.

Жарылысты ешкім мойнына алған жоқ.