16:36, 26 Қазан 2009 | GMT +5
Ауғанстанда тікұшақ құлап, он адам опат болды
АСТАНА. Қазанның 26-сы. ҚазАқпарат - Ауғанстанның батысында тікұшақтың құлауы салдарынан жеті американдық жауынгер және АҚШ үкіметінде жұмыс істейтін үш американдық азаматтық тұлға мерт болды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро. Ру сайтына сілтеме жасап.
Бұл жөнінде бүгін Ауғанстандағы американдық әскери контингент қолбасшылығының өкілі хабарлады. Оның айтуынша, тағы 12 американдық және Ауғанстанның 14 азаматы жарақат алған. Тікұшақ апатының себебі әзірге айтылған жоқ.