Ауғанстанда тұңғыш рет мұнай өндіру басталды
АСТАНА. Тамыздың 27-сі. ҚазАқпарат - Тамыздың 26-сы күні Ауғанстанда тұңғыш рет мұнай өндірісі басталды. Бұл туралы елдің табиғи ресурстар министрлігі ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Utro.ru сайты.
«Қара алтынның» өндірісін біртіндеп тәулігіне 800 баррельге жеткізу жоспарланып отыр. Осылайша, Ауғанстан Ислам Республикасы өзінің экономикалық жағдайын нығайтып, батыстың көмегіне деген тәуелділігін төмендетпек.