Ауғанстанда ұшқышсыз ұшақ соққысымен ИМ-нің 17 содыры мерт болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Пәкістан шекарасы маңында Нангархарн провинциясында американдық ұшқышсыз ұшақтың авиасоққысымен «Ислам мемлекеті» экстремистік тобының кемінде 17 содыры жер жастанды. Авиасоққы кезінде ИМ содырлары «Талибан» қозғалысының жеті содырын өлтіруге әзірленіп жатқанын әңгімеледі провинция губернаторының баспасөз хатшысы, деп хабарлады Би-би-си.
Ауғандық БАҚ-тың хабарларына қарағанда авиасоққы кезінде екі бейбіт азамат жараланған. Бұл туралы жергілікті шенеуніктерге сілтеме жасап пәкістандық БАҚ та хабарлады. Алайда АҚШ армиясынан ешқандай түсіндірме түскен жоқ.
«Талибан» қозғалысы 2015 жылы қаңтарда ИМ Хорасан провинциясында өзінің бөлімшесін құрғаннан кейін қарсы шабуылға шыққан болатын, бұл құрылым Ауғанстанның барлық аумағында, сондай-ақ Пәкістан мен Иранның, Орта Азия елдерінің шекаралық аймақтарында әрекет етуде.
Сарапшылардың көрсетуінше, Ауғанстандағы ИМ қарулы жақтастарының саны әзірге онша көп емес. Ауғандық барлау қызметі мәліметтері бойынша, ұйымға берілген жауынгерлердің саны елде 3000-ға жетуі мүмкін. Ауғанстанда сондай-ақ «Ислам мемлекеті» туралы насихат тарататын радиостанса жұмыс істейді.