Ауғанстанда волейбол алаңындағы жарылыстан 10 адам қаза тауып, 35 адам жарақаттанған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауғанстанның оңтүстік-шығысында Пактика провинциясында волейбол алаңында бомбаның жарылуы салдарынан 10 адам қаза тапты, 35 адам жарақаттанды.
None
None

Жарылыс кезінде жастар волейбол ойнап жатқан, деп хабарлады The Siasat Daily. Жапа шеккендердің кейбірінің жағдайы ауыр. Әзірге ешбір лаңкестік топ бұл қылмысты мойнына алмады.

Өткен жылы бұл провинцияда бомбаның жарылуы салдарынан волейбол ойынының 45 көрермені қаза тапқан болатын. Фото Reuters © 2015, Ahmad Masood

Соңғы жаңалықтар