07:15, 24 Қараша 2014 | GMT +5
Ауғанстанда волейболдан жарыс кезінде жарылыс болып, 45 адам қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауғанстанның оңтүстік-шығысында волейболдан өтіп жатқан жарыс кезінде жарылыс болып, кем дегенде 45 адам қаза тауып, 60 адам жараланды, деп хабарлады ВВС агенттігі.

Пактики провинциясы губернаторлығының хабарлауынша, жанкешті адамдар спорт ойынын тамашалап тұрған сәтте жарылғыз затты іске қосқан.
ВВС агенттігінің жазуына, бұл АҚШ пен НАТО әскерлерінің негізгі құрамы елден шығарылғанымен Ауғанстан парламенті шешімімен 12 мыңға жуық әскери қызметшінің әлі де қалатыны белгілі болғаннан кейін жасалып отырған әрекет болуы мүмкін.