20:15, 10 Ақпан 2011 | GMT +5
Ауғанстанда жанкешті аудан әкімшілігін жарып жіберді
АСТАНА. 10 ақпан. ҚазАқпарат - Ауғанстанның Құндыз уәлаятында жарылыс болып, 7 адам қаза тапты, деп хабарлады Би-Би-Си.
Жанкешті Чардара аудандық әкімшілігінің ғимаратында жарылғыш затты жарып жіберді. Қаза тапқандар арасында - жергілікті әкімшіліктің жоғары лауазымды шенеунігі бар.
Сондай-ақ, жарылыс барысында төрт жергілікті тұрғын да қаза тапты.
Жарылыс үшін жауапкершілікті «Талибан» қозғалысы мойнына алып отыр.
Осын ауданның бұрынғы басшысы өткен жылдың қазан айында орын алған жарылыста қаза тапты.