Ауғанстанда жанкешті өзін-өзі жарып жіберді, жапа шеккендер бар

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауғанстанның оңтүстігіндегі полицияның жаттығу орталығының маңында жанкешті лаңкес өзін-өзі жарды. Ең кемі төрт адам қаза тапты, оннан астамы жарақаттанды, деп сенбі күні Khaama Press агенттігі қауіпсіздік құрылымдарындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап хабарлады.

Ауғанстанда жанкешті өзін-өзі жарып жіберді, жапа шеккендер бар

Жарылыс бүгін таңертең болды. Болжам бойынша, жанкешті автомобильге орнатылған қолдан жасалған жарылғыш затын іске қосқан.

Жарылыс үшін жауапкершілікті «Талибан» радикалды тобы мойнына алды, деп хабарлады РИА Новости.

Ауғанстандағы жағдай соңғы айларда күрт нашарлады. Осыған дейін елдің ауылды аймақтарындағы ауқымды аумақты басып алған «Талибан» радикалды қозғалысы ірі қалаларға шабуыл жасай бастады. Сондай-ақ ел аумағында «Ислам мемлекеті» радикалды тобының ықпалы арта түсті.