01:02, 24 Тамыз 2020 | GMT +5
Ауғанстанда жарылыс болып, 7 адам көз жұмды
КАБУ. ҚазАқпарат – Ауғанстанның шығысындағы Газни провинциясында жарылыс болып, 7 адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
Агенттікке бұл туралы Газни губернатор әкімшілігі өкілі Вахидулла Джумазада айтты.
Оның сөзіне қарағанда, жолдың шетіне қойылған жарылғыш құрылғы тұрғындар көлікпен өтіп бара жатқан кезде жарылған. Көз жұмғандардың ішінде балалар да бар.
Әзірге жарылысты ешқандай ұйым мойнына алмады.