Ауғанстанда жарылыс болып, бейбіт тұрғындар қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауғанстанда тағы да жарылыс. Бұл жолы Нангархар провинциясындағы жол бойында бомба жарылып, 7 бейбіт тұрғын қаза тапты. Тағы екеуі жарақат алған, деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы.
Әзірге бұл шабуылды аймақта әрекет ететін лаңкестік топтардың ешқайсысы өз мойнына алған жоқ.