Ауғанстанда жол апатынан мерт болғандар саны 50-ге жетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауғанстанда автобус пен жүк көлігінің соқтығысуы салдарынан қаза тапқандардың саны 50 адамға жетті. Бұл туралы Tolonews-ке сілтеме жасап Gazeta.ru хабарлады.
Бұдан бұрын Ауғанстандағы апат салдарынан кем дегенде 36 адам қаза тапқаны айтылған болатын. 28 адам зардап шекті. Оқиға Кабул-Қандағар тас жолында орын алды.