Ауғанстандағы АҚШ әуе күштерінің шабуылы салдарынан 95 бала құрбан болған

КАБУЛ. Мамырдың 14-і. ҚазАқпарат – Ауғанстанның батысындағы Фарах провинциясын АҚШ әуе күштерінің бомбылауы нәтижесінде 140-қа жуық бейбіт тұрғын қаза болған, олардың 95-і - балалар.
None
None
Ауған парламентшісі Убайдулла Хелали кеше осындай мәліметті жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ИТАР-ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. Әуе шабуылы сәуірдің 4-5-інде «Талибан» қозғалысының бақылауындағы Балабулук уезінде орын алған. Ол шабуылдың нысаны - НАТО күштерімен қақтығысып қалған тәлібтер болатын. Бірақ жергілікті өкіметтің айтуынша, ол шабуылдың салдарынан, ең алдымен бейбіт адамдар құрбан болды. Бұқаралық ақпарат құралдары бұдан бұрын хабарлағандай, мамыр айының басында ауғанның Фарах провинциясына жасалған осындай әуе шабуылының нәтижесінде 100-ге жуық бейбіт халық қаза тапты, олардың басым бөлігі әйелдер мен балалар. Ауғанстанның Қорғаныс министрлігі осынау қанды оқиғаға байланысты тексеру жұмыстарын жүргізуде.АҚШ Мемлекеттік хатшысы Х.Клинтон Ауғанстанда АҚШ әскери-әуе күштерінің шабуылдарының нәтижесінде бейбіт халықтың қаза болуына орай «үлкен өкініш білдірген» еді. Ал Ауғанстан Президенті Хамид Карзай АҚШ-тан елді бомбылауды тоқтатуды талап етті. «Бомбылауға жол жоқ. Бұл ауған үкіметінің қатаң ұстанымы. Лаңкестік - ауған ауылдарында, ауғандықтардың үйлерінде емес, сондықтан да лаңкестікті бомбы тастап жеңу мүмкін емес», - деп атап көрсетті Ауғанстан Президенті. Ауған президенті өткен аптаның басында болған бомбылау барысында қаза болған бейбіт ауғандардың саны 50-ден аспайтындығы туралы америка әскерилерінің мәлімдемесін теріске шығарды. «Мендегі ақпарат басқа. Маған 100-ден астам адамның қаза болғанын хабарлады. Және бұл бомбылаудың салдары», - деп атап өтті Карзай өз мәлімдемесінде.
Соңғы жаңалықтар