Ауғанстандағы авиаапатында НАТО-ның 4 әскери қызметкері мерт болды

АСТАНА. 28 сәуір. ҚазАқпарат - Ауғанстанда Қауіпсіздікке жәрдемдесу халықаралық күштерінің ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлады РБК.
None
None

Солтүстікатлантикалық альянс қолбасшылығы оқиға салдарынан НАТО-ның төрт әскери қызметшісі қаза болғанын мәлім етті.

Associated Press агенттігінің хабарлауынша, оқиға Ауғанстанның оңтүстігінде Кандагар қаласының маңында болған. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, апат кезінде содырлардың белсенділігі байқалмаған.

Оқиғаның басқа жай-жапсарын және қаза болғандардың қай ұлтқа жататынын қолбасшылық әзірше жариялаған жоқ. Жақында ғана «көктемгі шабуыл» басталғаны туралы жариялаған Талибан қозғалысы тарапынан да мәлімдеме жасалған жоқ.

Соңғы айда Ауғанстандағы НАТО күштері екі тікұшағынан айырылды, олардың бортында 7 адам болған еді. Екі жағдайда да апаттың себеі ауа райының нашарлауынан немесе техникалық проблемалардан орын алғаны айтылды.

Соңғы жаңалықтар