Ауғанстандағы НАТО әскерлеріне ішімдік сатуға тыйым салынды
деп хабарлайды Telegraph .
120-дан астам бейбіт адам қаза тапқан әуе шабуылы оқиғасы туралы өз қарамағындағы әскерилерден ақпарат алмақ болған кезде, штабтағы қызметкерлердің көбісінің не мас болып жүргенін, не басы ауырып жатқанын көрген генерал осындай шешім қабылдап отыр.
Осылайша, ішімдікпен әуестенген әскери қызметкерлерге дәмханалар мен барлар алкоголь сатпайтын болды.
Ауғанстандағы қауіпсіздікті қолдау халықаралық күштерінің штабтық кешенінің ауданы 0,5 шаршы мильді құрайды. Ол жерде ең аз дегенде, сыра мен шарап сататын 7 бар орналасқан. Сұраныстың көптігіне байланысты штабтық кешеннің аумағында да бар ашылған екен. Енді олардың барлығы алкогольдік ішімдік сатпайтын болды.