Ауғанстандағы сарбаздар өздерін жиі өлтіре бастады

АСТАНА. 14 шілде. ҚазАқпарат - Ауғанстандағы британдық жауынгерлердің соғыстан гөрі суицидтен өмірлері жиі қиылуда. Бұл туралы Би-би-сидің «Панорама» бағдарламасының зерттеуінде атап өтілген.
None
None

Өткен жылы ауған жерінде өз еркіменбритандық 50 офицер мен сарбаз өмірімен қош айтысқан. Ал тәлібтер қолынан аталған елдің 44 әскериі қаза болды.

Сарбаздардың отбасы мүшелерінің пайымынша, өмірін қиған әскери қызметшілерге психологиялық көмек тиісті деңгейде көрсетілмеген.

Осы орайда Британияның Қорғаныс министрлігі әр суицид - бұл қайғылы оқиға екенін атап өтті.

Зерттеу мәліметіне қарағанда, соңғы үш жылда жүйкесі жұқарған әскерилер саны екі есеге артқан көрінеді.

Соңғы жаңалықтар