Ауғанстандағы су тасқыны салдарынан 73 адам көз жұмды
Өкімет орындарының мәліметтері бойынша, Пули-Хумри провинциясының астанасынан солтүстікке қарай 140 шақырым жердегі Гузарга-и-Нур округінде нағыз жойқын апат пен құрбандар көп болған.
Полицияның мәлімдеуінше, қаза болғандардың арасында әйелдер мен балалар да бар. 200-ге жуық адам хабар-ошарсыз кеткендер қатарында.
Табиғаттың тосын мінезі салдарынан 2 мыңнан астам үй бүлінген, көптеген жолдарды су шайып кетіп, оларда қозғалыс тоқтаған.
Соңғы аптада Ауғанстанның солтүстігінде нөсер жаңбыр жауды, соның салдарынан су тасқыны мен жыныстардың ығысуы пайда болды.
Багхлан провинциясы полициясының бастығы Аминулла Амархел Би-Би-Си-ге су тасқынынан әсіресе Гузарга-и-Нур уезінің төрт ауылы көбірек зардап шегіп, жолдар мен көпірлер бүлінгенін мәлімдеді.
Гузарга-и-Нур уезінің билігі Кабулге, үкіметке шұғыл көмек беруге өтініш жасады.
Қорғаныс министрлігі зардап шеккен аудандардан адамдарды қауіпсіз жерлерге жеткізуге тікұшақтар бөлді, Төтенше жағдайлар министрлігі Багхлан провинциясының зардап шеккен аудандарына азық-түлік жеткізуді бастады.