Ауғанстандағы жарылыс 7 адамның өмірін қиды

АСТАНА. 11 қыркүйек. ҚазАқпарат - Жолдың жиегіндегі бомбаның жарылуы салдарынан кем дегенде жеті адам қаза тапты. Атап айтқанда, Ауғанстанның оңтүстігіндегі бұл жарылыс жолаушылар автобусын талқандады. Бұл туралы Би-Би-Си хабарлады.

Ауғанстандағы жарылыс 7 адамның өмірін қиды

Автобус Кабулдан елдің оңтүстігіне, яғни Қандағар провинциясына бағыт алған кезде шабуыл орын алғаны белгілі болды. 17 адам жарақатты болды. Әзірге бұл оқиғаға жауапкершілікті ешқайсысы мойнына алған жоқ.

Тілшілердің мәліметіне қарағанда, тәлібтер қауіпсіздік күштері мен билікке шабуыл жасау үшін жол жиегіндегі жарылғыш заттарды жиі пайдаланады. Осының нәтижесінде бейбіт тұрғындар жапа шегеді.