Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ауғанстандағы жарылыс құрбандарының саны 9 адамға жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауғанстан мемлекетінің Кандагар қаласында жарылыс салдарынан қаза болғандар саны 9 адамға дейін артты, тағы 16-сы жарақаттанды, олардың арасында Біріккен Араб Әмірліктерінің екі дипломаты бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ауғанстандағы жарылыс құрбандарының саны 9 адамға жетті

Бұған дейін мерт болған - үш және жарақаттанған сегіз адам туралы хабарланған болатын, олардың арасында Кандагар губернаторы бар.

TOLO News телеарнасының атап өтуінше, жарақат алғандардың ішінде елші мен БАӘ-нің дипломатиялық өкілі бар. Араб елінің төрт күзетшісі көз жұмды.

«РИА Новости» агенттігінің жазуынша, сейсенбі күні Кабулда парламенттік кешеннің маңында екі жарылыс орын алды, 38 адам ажал құшты. Теракт үшін жауапкершілікті «Талибан» радикалды қозғалысы өз мойнына алды.

Соңғы уақытта Ауғанстандағы ахуал айтарлықтай нашарлады. Елдің ауыл аймақтарының басым бөлігін басып алған «Талибан» қозғалысы ірі қалаларға шабуылды бастады. Сондай-ақ Ауғанстан аумағында «Ислам мемлекеті» (Қазақстанда тыйым салынған) лаңкестік тобының ықпалы артты.