19:21, 02 Мамыр 2013 | GMT +5
Ауғанстандағы жарылыстың салдарынан сегіз полиция қызметкерінің өмірі қиылды
АСТАНА. 2 мамыр. ҚазАқпарат - Кабулға жақын орналасқан Логар провинциясындағы жолда орын алған жарылыстың салдарынан сегіз полиция қызметкері қаза болды. Бұл жайында Ауғанстан билігі хабарлады, деп жазады ВВС.

Жарылғыш құрылғы полиция пикапы өте бергенде іске қосылған көрінеді. Бұл жарылыс үшін жауапкершілікті өздеріне «Талибан» қозғалысының өкілдері алды.
Көктем басталғалы әскерилердің талибтер басып алған аумақтан оларды ығыстыру әрекеті жағдайында Ауғанстанда содырлардың шабуылы жиілеп кетті.