Ауғанстандағы жарылыстың салдарынан төрт полицей опат болды
АСТАНА. 2 желтоқсан. ҚазАқпарат - Ауғанстанның орталығындағы Вардак провинциясында жарылыстың салдарынан ауғанның төрт полиция қызметкері қаза болып, 17-сі жарақат алды.
Бұл оқиғаға «Талибан» қозғалысы жауапкершілікті алып отыр.
Аталған жарылысты жанкешті орындаған көрінеді. Ол жарылғыш зат қойылған көлікпен полиция басқармасының ғимаратына соғылған. Зардап шеккен төрт полицей қазіргі кезде ауыр халде жатыр
17 қарашада тәлібтер Ауғанстан астанасы Кабулдағы шабуылға жауапкершілікті өздерінің мойнына алды. Осының салдарынан 10 адамның өмірі қиылып, тағы 20 адам жарақат алды.