Ауғанстанға қатысты тағы бір құпия құжаттар Интернет-сайтқа шығып кетті
АСТАНА. Тамыздың 6-сы. ҚазАқпарат -Жақында АҚШ армиясының Ауғанстандағы әрекеттері туралы 77 мыңдай құпия материалдарды жариялаған «Викиликс» интернет-порталы тағы бір жанжал туғызып отыр.
Сайтта Вашингтон бастаған коалиция жүргізіп жатқан соғыс туралы баяндайтын тағы бір жаңа құпия құжаттар пайда болды, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
Еуропалық басылымдардың ақпараты бойынша, бұл жолғы құжаттар АҚШ-тың ашуын туғызған бұған дейінгі құжаттардан 20 есеге көп көрінеді. Жария болған мәліметтердің ішінде - бейбіт халықтың көптеп қырылуы, пәкістандық арнайы қызметтердің «Талибан» қозғалысын қолдап отырғаны туралы мәліметтер, сондай-ақ тәлібтердің батыс коалициясының авиациясына қарсы «жер-ауа» зымырандарын қолдану фактілері келтіріледі.