Ауғанстаннан Ресейге тасымалданбақ болған 18 тонна героиннің жолы кесілді
АСТАНА. 20 қаңтар. ҚазАқпарат - Ауғанстанда РФ Есірткі айналымын бақылау федералды қызметі Ресейге танымалдандақ болған 18 тонна есірткінің жолын кесті.
Утро.ру ақпарат агенттігінің хабарлауында, бұл жайында аталған ведомствоның басшысы Виктор Иванов Ресей Президенті Владимр Путинге мәлім еткен. «Халықаралық серіктестермен 35 бірлескен операция жүргіздік. 5 операция Ресей аумағынан тысқары жерде жүргізілді. Ауғанстанда 3 операция жүргізіліп, оның барысында Ресейге тасымалдануға дайын тұрған 18 тонна героин, шамамен 15 есірткі дайындайтын зертхана жойылды», - деді ол.