Ауғанстанның оңтүстігінде мерзімі өтіп кеткен 56 тонна азық-түлік пен дәрі-дәрмек жойылды

АСТАНА. KAZINFORM – Сәрсенбі күні Ауғанстанның оңтүстігіндегі Кандагар провинциясының билігі 56 тонна жарамдылық мерзімі өтіп кеткен және сапасыз азық-түлік пен дәрі-дәрмекті өртеп жіберді, деп Кандагар муниципалитетінің өкілі Сайфулла Асим растағанын жазды Синьхуа агенттігі.

Мерзімі өткен дәрі-дәрмек жойылды
Фото: Pixabay.com

Соңғы бес айда бүкіл провинция бойынша жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, контрафактілік және сапасыз тауарлар жиналып, көпшілік алдында өртенді. Құзырлы органдар сапасыз өнім сатқаны анықталған адамға заң бойынша шара қолданылатынын ескертті.

Бұл әрекеттер Ауғанстан билігінің дәрі-дәрмек пен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі кең ауқымды күш-жігерінің бір бөлігі. 

Мұндай өртеу жұмыстары соңғы айларда басқа қалаларда, соның ішінде ел астанасы Кабулда да жүргізілген.

Соңғы жаңалықтар