Ауғанстанның батысында НАТО тікұшағы апатқа ұшырады
АСТАНА. 18 шілде. ҚазАқпарат - Ауғанстанда Халықаралық қауіпсіздік және қолдау күшінің тікұшағы таңертең Ислам Республикасының батысында апатқа ұшырады,
екі әскери қызметкер жарақаттанды, деп хабарлады ISAF баспасөз қызметі.
Апат болған аудан мен жарақаттанғандардың ұлттары хабарланбай отыр. Оқиғаның себеп-салдары анықталуда.