Ауғанстанның экс-президентінің өлтірілуі - бүкіл ауған халқына шабуыл - НАТО Бас хатшысы
ЮССЕЛЬ. 21 қыркүйек. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - НАТО Бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен соңғы кездері Бейбітшілік жоғары кеңесін басқарған Ауғанстанның бұрынғы президенті Бурханиддин Раббанидің өлтірілуін айыптады, деп хабарлады Солтүстікатлантикалық альянстың баспасөз қызметі.
«Бұл бүкіл ауған халқына қарсы шабуыл, өйткені олар елдегі қауіпсіздікке жауапкершілікті өз қолына ала бастады. НАТО атынан бейбітшілікке және мәмілелесуге ұмтылып, қаза болған және жарақаттанған ержүрек ауғандықтардың отбасылары мен достарына шын жүректен көңіл айтамын. Мен осы жылдың басында Кабулда өзім жүзбе-жүз кездескен доктор Раббанидің Ауғанстанның болашағы үшін өмірлік маңызды мәселе - бейбітшілікке және мәмілелесуге ұмтылған зор қажыр-қайраты үшін ерекше алғысымды білдіремін», - деді А.Расмуссен.
Солтүстікатлантикалық альянс басшысы Ауғанстандағы қауіпсіздік үшін жауапкершілікті жергілікті қауіпсіздік күштеріне беру жөніндегі басталған үдерісті тоқтатқысы келетіндердің іс-әрекетінің болашағы жоқ деп мәлімдеді.
Бұдан бұрын ҚазАқпарат хабарлағандай, сейсенбі күні Б.Раббанидің үйінде «Талибан» қозғалысы өкілдерімен кездесу кезінде жаралыс болған, оның салдарынан Ауғанстанның экс-президенті қаза болды. Б.Раббанидің үйінде келіссөздерге қатысқан Ауғанстан президентінің бас кеңесшісі Масум Станекзай блоған. Лаңкестік салдарынан ол ауыр жарақаттанды. Полицияның болжамына қарағанда, жарылыс құрылғысын жанкешті-лаңкес іске қосқан. Ол саясаткермен кездесуге бомбаны өзіне жасырып әкелген.