Ауғанстанның елеусіз бұрыштарында демократия бұлқынып ояна бастады - Ауғанстан президентінің кеңесшісі М.Я.Маруфи

АСТАНА. 25 сәуір. ҚазАқпарат - Ауғанстанның елеусіз бұрыштарында демократия бұлқынып ояна бастады. Бүгін Астанада өтіп жатқан Еуразия медиа форумы барысында сөз сөйлеген Ауғанстан президентінің кеңесшісі Мұхаммад Яһия Маруфи осылай мәлімдеді.
None
None

Ауған басшысының кеңесшісі сөз арасында АҚШ пен Ауғанстан ынтымақтастығының оң тұстарына да тоқталып өтті. Оның айтуына қарағанда, соңғы жылдары Ауғанстанда орын алғанның бәрі мүдделер алмасуы болып табылады.

«Менің ойымша, 11 қыркүйек оқиғасы, 30-дан астам жылдарға созылған дағдарыс, сондай-ақ «Талибан» мен «Әл-Каиданың» пайда болуы - бұның барлығы АҚШ пен Ауғанстанды біріктірді. Екі ел терроризммен күрес мақсатында бір бағытта жұмыс істей бастады», - дейді Мұхаммад Яһия Маруфи. Оның айтуынша, демократия бір түннің ішінде тумайды, алайда бұл Ауғанстанның елеусіз бұрыштарында біртіндеп бұлқынып ояна бастады. «Ауғанстанның келешек тұрақтылығы туралы айтқанда біз ең бірінші осы мақсатқа қол жеткізуге тиіспіз», - деді М.Я. Маруфи.

Соңғы жаңалықтар