Ауғанстанның оңтүстігіндегі жол-көлік апатында 35 адам қаза тапты

АСТАНА. 20 тамыз. ҚазАқпарат - Ауғанстанда жол-көлік апаты салдарынан кемінде 35 адам қаза тапты, деп хабарлады РосБизнесКонсалтинг.

Ауғанстанның оңтүстігіндегі жол-көлік апатында 35 адам қаза тапты

Полиция өкілдерінің хабарлауынша, оқиға елдің оңтүстігінде болған, Қандағар уәләятында Данд ауданында жолаушылар автобусы аударылды. Олардың айтуынша, оның ішінде балалар мен әйелдер болған. Автобус Кабулдан Қандағарға бет алған, алайда таулы жолда басқарудан айырылып, аударылған, деп хабарлады Associated Press.

Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің ақпаратына қарағанда, тағы 26 адам жарақат алған. Олардың кейбіреулері ауыр халде, сондықтан да дәрігерлер құрбандар саны артуы мүмкін дегенді айтады. Жол-көлік апатының себебі әзірге белгісіз. Тергеу амалдары жүргізілуде.