Ауғанстанның Орталық сайлау комиссиясы сайлаудағы дауыс берудің қорытындысы бойынша тексеру жүргізуде
ҚазАқпарат бұл туралы ресейлік «Жаңалықтар» агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Біздің күмәнімізді туғызған мәліметтерді ұлттық есептеу орталығы компьютерлік жүйеге енгізген жоқ, ол фактілер бойынша тексеру басталды», деп хабарлады комиссиядағы дереккөз.
Дереккөздің айтуынша, «Орталық сайлау комиссиясы 54 мың 64 учаскедегі сайлаушылардың дауысын есептеуді жоспарлаған, бүгінде 26 мың 312 сайлау учаскесіндегі дауыстар есептеліп болды». Комиссия өкілі бірақ та, президенттікке кандидаттар үшін берілген дауыстардың пайызын хабарлаудан бас тартты.
Дейтұрғанмен, ауған телеарналары, қазіргі президент Хамид Карзайдың басты қарсыласы - доктор Абдулла Абдулланың елдің солтүстік провинцияларына сапар жасап жүргенін хабарлауда.
Ауғанстанның солтүстігіндегі Құндыз қаласында сөйлеген сөзінде Абдулла, «жалған жолмен сайланған үкіметтің о бастан өтірік үкімет болатынын және өз халқына қызмет ете алмайтынын» мәлім еткен.